Туроператорлар жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан

 ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде ведомство басшылары қатысқан кеңес туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Ішкі ітер мининстрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ҰҚК, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты. Жиын барысында Ерлан Тұрғымбаев жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталғанын хабарлады», — деді Н. Ораз онлайн брифингіде.

Осы орайда кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде сату фактілерінің жолы кесілді

«Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын еске салды. Топ жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау әрі сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған», — деді ресми өкіл.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
801 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить