Қызылордада қаржы пирамидасын құрғандар 5 жылға сотталды

Қызылордада 21 адамды алдап, оларға 22 млн теңге шығын келтірген алаяқтар бес жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары «Befree» атты қаржы пирамидасының құрбаны болғаны жөнінде шағым үстірген. Оқиға 2019 жылдың қазан айынан бастау алған.

Белгісіз біреулер WhatsApp желісі арқылы «Befree» тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрған. Онда тұрғындарға екі апта ішінде 50 пайыз үстемемен пайда табу мүмкіндігі бар екендігі айтылған. Алданған 21 жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 22 миллионнан астам теңгені құрады.

«Полицейлердің жедел әрекеті мен тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде алдымен Қызылорда қаласының тұрғыны қолға түсті. Кейіннен іс бойынша тағы екі азаматша анықталды. Оларға қатысты дәлелдемелер жинақталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Қызылорда қалалық сотында олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты», -деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
754 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить