Елімізде интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс саны өскен

Интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны өсіп отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Ведомства басшысы Президентке елдегі криминогендік ахуал мен ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы баяндалды. Ерлан Тұрғымбаев қылмыстың көптеген түрлерін ашу көрсеткіштері жақсарғанын айтты. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жасалған құқық бұзушылықтар саны азайған», — деді Н. Ораз онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылаған. Алайда, интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны өсіп отыр. Бұған — пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті.

«Мемлекет басшысына вакцина бойынша жалған құжаттар жасау фактілерінің жолын кесу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған. Министр ІІМ бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алғанын жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантин шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды», — деді ресми өкіл.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
989 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить