Қосымша 24 мыңнан астам жол белгісін орнату керек — ІІМ

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол инфрақұрылымын тексеру нәтижесін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан жол инспекцияның бөлімшелері 360 мың шақырымды қамти отырып, 20 мыңға тарта автожолды зерттеді. Осының нәтижесінде еліміздегі жолдарда қосымша 24 мыңнан астам жол белгісін орнату қажеттігі анықталды», — деді С. Түсіпов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, жолдағы қауіпсіздікке теріс әсер ететін жол инфрақұрылымына қатысты біраз кемшілігі анықталды. Осы орайда бұл кемшіліктерді жою бойынша 19 мыңға жуық нұсқау жолданып, жолды күтіп ұстауға жауапты 2 мыңнан астам лауазымды қызметшіге айппұл салынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды.

Сонымен қатар С. Түсіпов жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблеманы айтты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1007 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить