Қазақстанда әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншінің қатысы бар

Жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблема бар. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдау нәтижесіне сүйенсек, қазіргі кезде жолдағы өлім-жітімге жол-көлік оқиғаларының үш негізгі түрі байланысты болып отыр. Осы орайда жаяу жүргіншілерді қағып кету, көліктің аударылуы мен автомобильдердің соқтығысуы жағдайлары бар. Жол-көлік оқиғаларының осы түрлерінен өлім-жітім басқа жол апаттарынынан қаза болғандардың 58 пайызын құрады», — деді С. Түсіпов онлайн брифингіде.


Осы орайда ол жаяу жүргіншілерге қатысты мәліметтерді атап өтті.

«Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып тұр. Еліміздегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, әрбір төртінші қаза болған мен жарақат алған олардың үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблема бар екенін атап өткен жөн. Жыл басынан олардың тарапынан 155 мыңнан астам ереже бұзу анықталды», — деді ол.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
660 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить