Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды
Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылдың басынан ел жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 1 017 адам қаза болып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды», — деді С. Түсіпов.
Оның айтуынша, жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр.
«Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 млн фактісі тіркелді», — деді ведомство өкілі.
Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды.
Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»