Алматыда бір тәулікте 1500-ден астам адам коронавирус жұқтырған
Алматыда бір тәулікте 1503 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның 1410-ы симптомды, 93-і симптомсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша өткен тәулікте, 218 науқас емделіп шықса, олардың орнына 596 адам түскен. Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда (7 110 төсек) 5 591 адам (187 бала) ем алып жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 397 адам ем алуда. Өкпені жасанды желдету аппаратына – 63, инвазивті емес өкпе аппаратына – 159, High flow аппаратына – 152 адам жалғанған.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының бақылауымен 11 624 пациент үйде ем алып жатыр. Олардың 11 097-сі жеңіл және орташа дәрежелі симптоммен, 527-сі симптомсыз сырқаттанған.
2021 жылдың 1 ақпанынан 8 тамызына дейінгі кезеңде вакцинаның бірінші компонентін 771 233 адам алған. Өткен бір тәулікте бірінші компонентті – 4 063 адам, екінші компонентті – 5 722 адам қабылдады. Екпе алғандардың ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны – 104 526. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында 160 вакцинация пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар). 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы жұмылдырылған.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»