Серік Сәпиев бокстағы арманын еске алды
Бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спорттық мансабындағы бас жүлдені қалай жеңіп алғанын және одан кейін қолғаппен қоштасу шешімін қалай қабылдағанын еске алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жас спортшы болғанда, өмірімдегі ең асқақ армандарымның бірі – Олимпиада чемпионы атану еді. Мен үшін бұл титулға ие болу үлкен құрмет болды. Оған қоса, Вэл Баркер жүлдесімен марапатталдым. Олимпиада чемпионы атану мақсаты орындалды. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде алтын медальға қол жеткіздім. Алайда бұл жеңістен кейін жаттықтырушыларымның сөздеріне құлақ асып, бокстағы жолымды аяқтау шешімін қабылдадым. Бұл – өте маңызды шешім екеніне қарамастан, бірінші кезекте өз денсаулығыма көңіл бөлуді жөн көрдім.
Әрине, кейде артыма қарап, ішімнен кәсіпқой боксқа өтуім жөн бе еді деп ойлап қоямын. Бірақ, қалай болғанымен, өткен күн мен бүгініме ризамын», — деп баяндады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев The Ring-мен әңгіме барысында.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»