ШҚО-дағы шаруа қожалығында 600 тонна пішен өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы шаруа қожалығында 600 тонна пішен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарлаулы ауылындағы шаруа қожалығының аумағында өрт шыққан.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде 600 тонна шөп жанып жатты. Көп ұзамай құтқарушылар 540 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды ауыздықтады. Өртті өшіруге жеке құрамнан 5 адам мен 1 техника және шаруа қожалығынан 12 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1217 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить