Көкшетау тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын ашқан
Ақмола облысында алаяқтық жасаған деген күдікпен әйел ұсталды. Ол WhatsApp арқылы «қаржы пирамидасы» сияқты жобаға ақшалай қаражат құюға шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, криминалдық полиция қызметкерлері Көкшетаудың 59 жастағы тұрғынының арызы бойынша бұрын жасалған қылмысты ашқан.
«Арыз беруші әйел таныс қыздың WhatsApp мессенджері арқылы табыс табу үшін «қаржы пирамидасы» сияқты жобаға ақшалай қаражат құюға шақырғанын мәлімдеді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, алаяқ әйел оның 300 мың теңгесін иемденген. Арыз беруші ақшаны алаяқтың банк шотына аударған», — деді ведомстводан.
Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу басталды. Полиция күдіктіні анықтады. Ол 32 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі кезде зардап шеккендер қатары анықталды.
Полиция тұрғындарға ақшасын белгісіз компанияларға аудармауын сұрайды.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»