Токио-2020: Софья Берульцева екінші кездесуін жеңіспен аяқтады
Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екінші кездесуінде ол Италия спортшысы Сильвия Семераромен шеберлік байқасты. Қарсыласы — Еуропа ойындарының жеңімпазы болған тәжірибелі спортшы.
Десе де қазақстандық спортшы қарсыласын 5:1 есебімен қапы қалдырып кетті. Енді ол әзербайжандық Ирина Зарецкаямен кездеседі.
Қазақстандық спортшы бұдан бұрын түркиялық Мелтем Ходжаоғлымен шеберлік байқасты. Түркиялық спортшы Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері болған. Тәжірибелі қарсыласымен Софья 5:5 есебімен тең түсті.
Айта кетейік,бұдан бұрын карате-додан Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды.
Токио Олимпиадасы 8 тамызда мәресіне жетеді.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»