Шығыс Қазақстан облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 7 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 09.01-де жерасты дүмпуін тіркеді. Жер асты дүмпулері Өскеменде сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 847 шақырым қашықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.1, тербелісі – 4.2. Жер сілкінісі ошағының координаттары – 49.63° с.ш. 82.82° в.д. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісі Өскемен қаласында сезілді», — деп хабарлады «Алматы» ОСО кезекші операторы.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»