Қазақстанда жыл басынан жемқорлыққа қатысты 520 адам сотталды

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 520 адамды сотқа тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ANTIKOR News ақпарат алаңында өткен брифингіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров осындай статистика келтірді.

«Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер бойынша барлығы 520 адам сотталды. Оның ішінде 131 адам пара алғаны үшін, 222 адам пара бергені үшін, 12 адам делдалдық үшін, 71 адам алаяқтық үшін, 35 адам ақша жымқырғаны үшін, 35 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 9 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа тартылды», — деді агенттіктің аса маңызд істер жөніндегі тергеушісі.

Данияр Бегайдаровтың айтуына қарағанда, сотқа тартылғандардың ішінде 151 адам бас бостандығынан айырылса, 50 адамның бас бостандығы шектелген. 308 адамға 1,6 млрд теңгеден астам еселенген айыппұл тағайындалды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
963 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить