Қарағанды облысында оқулықтарды қайта басып шығаруға 1,7 млрд теңге бөлінді
Қарағанды облысында оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бір апта ішінде жүк көліктері аймаққа баспа өнімдерінің екі үлкен партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда мектеп қорынан 2–11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді. Биылғы жылы 1-сынып және 2–11-ші сыныптар үшін тозған кітаптарды ауыстыруға қайта шығарылған оқулықтарға тапсырыс берілді. 1 млрд 766 млн теңгеге 16 баспамен келісімшарт жасалды. Облыс бойынша бес тасымалдаушы анықталды», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өзінің Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, оқулықтардың бірінші топтамасы – 30 шілдеде, екіншісі 5 тамызда келді. Жеткізуді 25 тамызға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының саны шамамен 209 мың адамды құрайды, оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 21 800.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»