Қытай контейнермен тасымалданатын жүкке ғана шектеу қоймайды – ҚТЖ өкілі

«Қазақстан темір жолы» отандық экспорттаушыларға Қытайға бағытталған астықты контейнермен жөнелтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астық экспортының басты бағыты – Қытай. Бұл қазір ол проблемалық бағыт болып тұр. Әңгімені дәл осы проблемадан бастағым келіп отыр. Астық вагондарға наурыз айында-ақ тиеліп қойған. Соның көбі әлі шекарадан өте алмай тұр. Пандемияға байланысты Қытай тарабы шектеулер қойып отыр. Бірақ бүкіл жоспарды екі жақ та мақұлдаған болатын. Сол жоспардың өзімізге қатысты тұсын түгел орындадық. Әзірге Қытай тарабының шектеулері жалғасып жатыр. 20 шілдеден бастап барынша жылдамдатып қабылдай бастауға уеде берген болатын. Бірақ әзірге Қытай жағында, әсіресе, «Достық» стансасында ондай қабылдау әлі жоқ», — дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов.

Компания өкілі астық экспорттаушыларға тасымл тәсілін өзгертуді ұсынып отыр. Бұрынғы сусымалы жүк тиеуге арнағал вагондардың орнына контейнер қолдану тиімді екенін көрсетсе керек.

«Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы осы бағыттағы тасымалды тоқтатпауды ұсынып отыр. Бірақ бұрынғы көлемді, әмбебап, арнайы вагондардан бас тартып, контейнердегі тасымалға көшуді ойластырып отырмыз. Қытай нарығында сұраныс жоғары. Бұл мәселе үкімет деңгейінде көтерілді. Үкімет басшысы осы мәселе бойынша ұсынысымызды тыңдады. Open Top контейнерлерін шығару бойынша жол картасы дайындалып жатыр. Бізде тасымалдың мұндай түрі бұрын болмаған. Астық тасымалын мультимодельдік тасымалға көшіру арқылы инфрақұрылымдық кедергілердің бәрін жоя аламыз. Қытай шекарасында бүгінге дейін контейнердегі тасымал бір күн де кешіктірілген жоқ. Сондықтан контейнердегі тасымал Қытай бағыты бойынша өте өзекті», — деген акицонерлік қоғамныңбасқама төрағасының орынбасары неге дәл қазір осындай талап туындап отырғанын түсіндірді.

«Себеп біреу ғана. Қытайдан Еуропаға жіберіліп жатқан контейнерлік тасымал көлемі артып отыр. Әсіресе Қытайдың ішкері аймақтарынан, оңтүстік-шығыстағы порттанына шыққан жүктердің бәрі құрлық арқылы контейнерде тасымалданып жатыр. Контейнер тиеген вагондар қазір «Алашанькоу» стансасы арқылы өтеді. Сусымалы жүкті дәстүрлі вагондарға тиеу балансы қазір қатты бұзылған. Пандемия тәуекелдеріне байланысты Қытай нарығында контейнермен тасымалданатын жүкке деген сұраныс жоғары.

Осыған байланысты бүкіл экспорттаушыларға жүк жеткізу тәсілін қайта қарауды ұсынамын. Сусымалы жүк тасымалдаушыларға өз ұсынысымызды айтып отырмыз. Экспорттаушыларға өз жүгін уақытында түсіру кезінде қиындыққа тап болмау үшін контейнердегі тасымал тарифінің шарттарын қарап жатырмыз», — деді Оралхан Құлақов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
779 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить