Алматы әкімдігі әуежай маңында ағаштардың «кесілуін» түсіндірді

Алматы қаласының әкімдігі әуежай маңында ағаштардың кесілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Интернетте жұмысшылар ағаштарды жаппай аралап жатқаны туралы видео тарады.

«Әуежай маңында, Ахметов көшесінде жасыл желек кесілуде», — делінген постта.

Қалалық Жасыл экономика басқармасы мәселеге қатысты түсінік берді.

«Аталған мекенжай бойынша Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы 2015 жылдың 31 наурызында ҚР Инвестиция және даму министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының аэродромдарын (вертодромдарды) эксплуатациялау және олардың жарамдылық нормасының талаптарына сәйкес, Алматы Халықаралық әуежайы АҚ-ға ағаштардың жоғарғы бөлігін ретке келтіру бойынша жұмыстарға келісім берді», — делінген ведомство ақпаратында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
618 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить