ҚР Президенті Никол Пашинянды Армения Премьері лауазымына тағайындалуымен құттықтады

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

— Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Арменияның Премьер-Министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.

Никол Пашинян парламенттік көпшіліктің ұсынуымен Армения Премьер-Министрі болып тағайындалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
624 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить