Атырауда «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл» мәртебесі бар 57 адам анықталды
Атырауда «Ashyq» жобасымен «қызыл» мәртебесі бар 57 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім меңгерушісі Рысжан Таубаеваның мәліметіне сүйенсек, 2 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қосылмаған кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы шектеледі.
«Атырау облысында «Ashyq» жобасына 3146 нысан қосылды. Оның 84%-ы Атырау қаласында тіркелген. Осы жобамен «қызыл» мәртебесі бар 57, «сары» мәртебелі 222 адамның кәсіпкерлік нысандарға кіруге әрекеттенгені анықталды. «Қызыл» мәртебесі бола тұра қыдырып жүрген адамдарға 23 айыппұл салынды» -дейді Рысжан Таубаева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтілетінін, инфекциялық стационарларда 1 549 науқас жатқанын жазған едік.
Вам может быть интересно: «В Германии пройдет суд над столетним охранником концлагеря, сообщили СМИ»