Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті

Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті. Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық болуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, Шу, Луговой, Жаңатас және Тараз қаласы темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық аудандарынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.

Бұл шараға Байзақ ауданындағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да өз үлестерін қосып, 300 бау жоңышқа берген.

«Сын сағатта бірлігіміз сыналады, бірге болсақ – ынтымағымыз нығаяды. Біздің бүгінгі жасап жатқан амалымыз уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған ағайынға шөпті ертерек жеткізу», — дейді байзақтық «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановтың айтуынша, аймақта қажетті ірі сабақты мал азығы қоры жеткілікті.

 



«Бүгінгі таңда облысымызда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Мал қыстауын қалыпты өткізу үшін 1,7 миллион тонна пішен дайындау жоспарланған. Бүгінде 1,5 миллион тонна пішен, 58 мың тонна пішендеме дайындалды. Алда сүрлем дайындау науқаны тұр. Жалпы облыста мал азығына қажетті ірі сабақты мал азығының қоры қажет мөлшерде жиналды. Енді, міне, өңір шаруаларының ұсынысымен қуаңшылықтан зардап шеккен Қызылорда облысының Арал қаласына, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға жем-шөп жеткізілетін болады», — дейді ол.

Жамбыл облысының жұртшылығы қызылордалық ағайындарға әрі қарай да көмек көрсететіндігін жеткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
838 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить