Атырау қаласында карантин шектеуі күшейтіледі
Атырау қаласында карантиндік шектеу күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Атырау қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында айтылған.
«Сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері – «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады» -делінген қаулыда.
«Ashyq» жобасына қатысатын азық-түлік сататын жабық базарлардың және азық-түліктік емес жабық және азық-түліктік емес ашық базарлар, азық-түлік сататын ашық базарлар жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істтейді.
Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға, асханаларға тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс істеуге рұқсат етіліп отыр.
Бұл нысандарға сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған.
Жаңа қаулы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбіде жұмыс істемейтінін хабарлаған едік.
Вам может быть интересно: «Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді»