Елордада демалыс күндері мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді

Демалыс күндері қаланың бірқатар кәсіпкерлік нысандары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Елордалық санитарлық дәрігердің қоғамдық тамақтану орындарында карантин шараларын қатаңдату туралы қаулысына сәйкес, бірқатар кәсіпкерлік нысаны қысқартылған жұмыс режиміне көшті. Сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары келушілерді қабылдамайды. Ал тапсырысты жеткізу және өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар орналасқан жеріне қарамастан, соның ішінде ашық ауада дүйсенбі-жұма күндері таңғы сағат 7-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл ретте «Ashyq» жобасы аясында жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Айта кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған.

Елордада сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоп» дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл жағдайда келушілерді қабылдау қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтарына, спорт нысандарына, бассейндерге, сауналарға, СПА-орталықтарына сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған, ал дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын ұйымдастыру барысында күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шаралар сақталуы тиіс. Караоке дүйсенбі-жұма күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Айта кету керек, карантинді қатаңдату – елордадағы эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты мәжбүрлі шара.

Қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1004 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить