Шығыс Қазақстанда сайланған 77 ауыл әкімі өз жұмысын бастады

Шығыс Қазақстан облысында бюллетеньдерге енгізілген 232 кандидаттың ішінен 77 ауыл әкімі сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, сайлауда бес партияның өкілдері мен өзін-өзі ұсынған кандидаттар жеңіске жетті. Әкімдердің 46-сы өз ауылдық округтері бойынша қайта сайланса, 4-і басқа округтің әкімі болды.

Ең жас әкім Дархан Төлеуханов 29-да. Енді ол Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарады. Ал Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің жаңа басшысы атанған 61-дегі Советқан Қалиев жасы ең үлкен әкім болып отыр.

«77 әкімнің 8-і әйел адам. Білімдеріне қатысты айтар болсақ, ауыл әкімдері арасында 23 мұғалім, 16 заңгер, 15 ауыл шаруашылығы саласының қызметкері, 9 экономист, 8 инженер және 6 басқа мамандық өкілі бар. Қазіргі уақытта аудан әкімдері сайланған ауыл әкімдерін тұрғындарға таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді», — делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1138 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить