Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатыр

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше коронавирус инфекциясына шалдыққан 420 науқас анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 268 жағдайы расталған. Теңіз кен орнында 39, Жылыой ауданында 50, Қызылқоғада – 17, Құрманғазыда – 14, Индерде – 12, Исатайда – 9, Мақатта – 6, Махамбет ауданында 5 адамнан коронавирус белгісі табылған.

«Қазір 3 443 адам үй жағдайында емделуге оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 361, Теңіз кен орнындағы стационарда 218, ал, №2 облыстық ауруханада 205, модульдік ауруханада 196, темір жол ауруханасында 109, кардологиялық орталықта 103, фтизиопульмонология орталығында 98 науқас емделіп жатыр. Сондай-ақ, резервтегі жатақханаға 17 пациент орналастырылды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
900 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить