Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін теміржол желілері салынады

Қазақстанда жүк транзитінің көлемін ұлғайту үшін теміржолдар желісі кеңейтіледі. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта тасымалдау көлемін одан әрі арттыру мақсатында өткізу қабілетін жаңғыртуды және ұлғайтуды талап ететін «тар» орындар анықталды. Сәйкесінше «Қытай-Еуропа-Қытай» бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізде екінші жол салу және «Достық-Мойынты» теміржол учаскесін электрлендіру жоспарлануда. Бұл жоба дәліздің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады, осылайша Қытайдан Еуропаға жыл сайын артып келе жатқан контейнер ағынын қамтамасыз етеді», — деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сондай-ақ, қазіргі Сарыағаш өткізу пунктіндегі жүктемені жеңілдету үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасында Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желісін салу жоспарлануда.

«Бұл жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін 2 есе арттыруға – Өзбекстанмен тәулігіне пойыздарды қабылдау мен тапсыруды 26-дан 50-ге дейін көбейтуге, жүктерді тасымалдау мерзімін 1,5 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған жоба Орталық Азияның Еуропаға экспорттық-импорттық ағымын қабылдауға мүмкіндік береді, осылайша Қазақстанның халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтады», – дейді Ж. Тайжан.

Спикердің айтуынша, МЖӘ тетігін қолдана отырып, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу жобасын іске асыру жұмыстары жүруде. Желінің құрылысы Алматы станциясы арқылы транзитпен өтетін жүк тасымалдау мерзімін 2 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді және Алматы станциясының жүктемесін 40%-ға жеңілдетеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
961 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить