ШҚО-да 1,8 млн теңге пара алған аудан әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғалды
26.07.2021
Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың біріндегі әкімнің орынбасары 1,8 млн теңге пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір аудандарының бірі әкімінің орынбасарына қатысты кәсіпкерден 1 800 000 теңге сомасында, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
— Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады, — делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «В Сардинии объявили режим ЧС из-за сильнейших пожаров»
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с
ошибкой и нажмите CTRL+Enter
946
просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: