Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін екі елдің министрлері талқылады

 Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ сілтеме жасап.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
635 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить