Ақтөбеде ауыл тұрғындарының 70 пайызға жуығы өз таңдауын жасады
Ақтөбеде сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған сағат 17:30-дағы ақпаратқа сүйнесек, тізімге енген сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді. Яғни, 22 300-ден астам адам таңдауын жасады. Оның ішінде Ойыл ауданында 88,9%, Қарғалыда 84,2%, Шалқарда 79,1% болып тұр», — деді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша барлығы 35 ауылдың әкімі сайланып жатыр.
Барлығы 74 сайлау учаскесі бар. Тіркелген үміткерлердің орташа жасы — 40 жас. Ең жасы 27-де болса, үлкені 62 жаста.
Сайлауда үйден дауыс беруге өтініш жазған адамдарға комиссия мүшелері арнайы киіммен барды.
Бұл — «қызыл» аймақтағы өңірдегі сақтық шарасы.
Вам может быть интересно: «Қазақстандағы тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін»