Маңғыстауда дәрігерлік амбулатория ұжымы учаскеге бірге барып дауыс берді

Маңғыстауда Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясының ұжымы дауыс беруге бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ауыл әкімдерінің сайлауында Ақшұқыр ауылының тұрғындары өз таңдауын жасады. Таңғы 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келгендер көп. Олардың қатарында ауызбіршілігі жарасқан, саяси науқаннан шет қалмаған Ақшұқыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері де бар. Болашақ Ақшұқыр ауылы әкімін сайлауға барған амбулаторияның аға дәрігері Айгүл Көптілеуова сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өтіп жатқанын айтты.

«Ең алдымен, учаскелерден дәрігер ретінде көргендерімді айтып өтсем. Учаскеде санитарлық талаптар мен карантин талаптары қатаң сақталған. Дауыс берушілердің арасында арақашықтық сақталған, комиссия мүшелері мен бақылаушылар және сенімді өкілдер бетпердемен жұмыс істеуде. Біз де ауыл тұрғындарымен бірге ұжым болып дауыс бердік. Ауылдастарымды сайлаудың өз деңгейінде өтуіне атсалысуға шақырамын»,- деді амбулаторияның аға дәрігері Айгүл Көптілеуова.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
811 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить