Алматыдағы көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Алматы тұрғындарына жылу желілерін сынақтан өткізу орындарында көлік қоюға болмайтыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылдың 22 шілдесі мен 11 тамызы аралығында таңғы сағат 3-тен 8-ге дейін Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау кезінде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан сақтық шараларын сақтау және оларды өткізу орындарында автокөліктерді тұраққа қоюдан уақытша бас тартуды сұраймыз», — деп хабарлады қала тұрғындарына»Алматы жылу желілері» ЖШС.
Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша):
22-27 шілде
Түрксіб ауданы: Сейфуллин– Бехтерев – Кассин – Айбасов;
26 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Шагабутдинов – Тимирязев – Розыбакиев.
27 шілде
Алатау аудан: Аққайнар кенті – Мәмбетов –БАК-тың оңтүстік жағы;
Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Тобаяков – Сейфуллин.
27- 28 шілде
Әуезов аудан: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи.
27- 30 шілде
Бостандық ауданы: – Асқаров –«Алматы» санаторийі – Сайын – әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі.
28 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Варламов – Жандосов – Айманов;
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяков – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би;
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.
29 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко –Желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов;
29-30 шілде
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков – Сайын;
30 шілде
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбакиев;
2 тамыз
Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтпаев– Чайковский;
Алмалы және Жетісу аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин –Гайдар – Қарасай батыр.
3 тамыз
Алмалы, Жетісу және Медеуский аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелді – Райымбек – Куратов – Гоголь.
3-4 тамыз
Алатау, Алмалы және Әуезов аудандары: Рысқұлов – Гайдар – Яссауи – Абай.
4 тамыз
Алмалы ауданы: Райымбека – Тлендиева – Розыбакиева – Кулымбетова;
Жетісу ауданы: 1, 2, 3, 4 Айнабұлақ шағын аудандары, Көкмайса шағын ауданы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені– Гоголь.
5 тамыз
Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Ф.Оңғасырсынова –Зерделі шағын ауданы;
Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров, Ратушный, Құлагер шағын ауданы.
5-6 тамыз
Алмалы ауданы: Төле би – Абай –Әшімов – Гайдар.
6 тамыз
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Төле би – Кәрімов – Масанчи.
11 тамыз
Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов –Жақыбаев –Тарғап.
«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі», — деп атап өтті компания.
Вам может быть интересно: «Қазақстандағы тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін»