Атырау облысынан 7 спортшы Паралимпиадаға қатысады

Атырау облысынан 7 спортшы Паралимпиадаға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейінн Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болғаны хабарланған еді.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміне атыраулық 7 спортшы енген.

Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарына түрлі халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған 5 атыраулық парадзюдошы кірді.

«Олар – Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлұлы, Зарина Байбатина мен Жанбота Аманжол. Сондай-ақ, жүзуші Ержан Сәлімгереев пен таэквондошы Нұрлан Домбаев та бар», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
927 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить