Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
21.07.2021
Атырау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейгенін хабарлаған едік.
«Өңірде 2 632 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлар бар. Бұл стационарларда 1 105 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Мұндағы жүктеме – 41,9%. Ал, 113 орынға есептелген жансақтау бөлімдерінде 65 пациент жатыр. Оның 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 57,5%-ды құрайды», — деп мәлім етті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Вам может быть интересно: «Бывший генсек ООН переизбран председателем комиссии МОК по этике»
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с
ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1158
просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: