Мемлекет басшысы: Кей өңірлерде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина сақтау мен тасымалдаудың тәртібін қатаң бақылауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілерін нақты қарастырған жөн. Өкінішке орай, соңғы деректер барлық өңірлер бұл жұмысты дұрыс құрмағанын көрсетеді», — деген Мемлекет басшысы вакцина дұрыс сақталмаса, тиімдігі төмендейтінін ескертті.

«Жекелеген өңірлерде вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл оның әрекетінің тиімділігінің төмендеуіне себеп болды», — деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1000 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить