Елорда әуежайы 17 сағаттық режимге көшеді – Жолаушыларға үндеу жасалды
21 шілде мен 9 тамыз аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұшатын жолаушыларға рейстердің келу-кету уақытын қосымша нақтылап отыру қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, бұған осы кезеңде ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналдық жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстары себепкер болмақ.
«2021 жылғы 21 шілде мен 9 тамыз аралығында әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартылады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11-ден кешкі 18-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар 1 сәуірден бастап барлық авиакомпаниялармен алдын ала келісілді, соған сәйкес олар рейстер кестесін өзгертті. Осыған байланысты барлық жолаушылардан әуежайға алдын ала тіркелуге және авиакомпаниялардың колл-орталықтарында рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз», — дейді әуежай өкілдері.
Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан аталған өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрап отыр. «Уақытша қолайсыздықтар себебінен кешірім сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»