Алматыда көлге батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
ТЖД қызметкерлері, 109 құтқару қызметтері, полицейлер мен еріктілер Алматының су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«18 шілде күні сағат кешкі 17-де 16 жастағы Р. есімді жасөспірім туыстарымен Сайран көлінде демалып жатқан кезінде оның жағажайға арналған шәркесін толқын 15 метрге алып кетеді. Жасөспірім аяқ кімін алмақ болып дереу суға түскен. Біраз уақыттан соң су тереңдеп, тұншыға бастайды. Осы кезде жағажайдағы құтқарушылар бозбаланың батып бара жатқанын көріп, құтқару шеңберін лақтыру арқылы дер кезінде көмек көрсетеді. Олар батып кету алдында тұрған жігітті аман-есен жағажайға шығарып, ата-анасына табыстайды. Абырой Қуанышқа орай, медициналық көмек қажет болмады», — деп мәлім етті Алматы қалалық ТЖД.
Су қоймаларында демалып жатқан адамдар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Кейде мұндай әрекеттер қайғыға соқтырып жатады. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін ТЖД мен ПД қызметкерлері, еріктілер мен 109 қызметінің құтқарушылары қаладағы су қоймаларын күзетуде.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»