«Казатомпромға» қарасты ұйымының қызметкері парамен ұсталды
19.07.2021
Пара алған «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін «Казатомпром» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады.
Аталған лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша әрі қарай аудару үшін ақша қаражатын алған. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с
ошибкой и нажмите CTRL+Enter
848
просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: