Құрбан айт қарсаңында Алматыда карантин күшейтіледі

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 шілдедегі «Алматы қаласының аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері коронавирустық инфекцияны таратуға ықпал ететін бұқаралық іс-шаралар шектеу туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекеме басшыларына, Алматы қаласы дін басқармасына ,ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау лматы қаласкомитетінің Аы бойынша аумақтық инспекциясына, Алматы қаласы орталық мешітнің бас имамына «Құрбан айт» мерекесі кезінде 20 шілдеден 23 шілдеге дейін:

Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге ( оның ішінде айт намазына) тыйым салынады;

БАҚ, әлеуметтік желілер және тағы басқа да құралдар арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды (құрбан шалуды) ұйымдастыру туралы халыққа түсіндірі жұмыстары жүргізілсін;

Алматы қаласының аумағында 19-22 шілде аралығында мал сою орындары мен базарлардың жұмысына ( соның ішінде тірі күйінде), сондай-ақ союға тыйым салынады;

Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалу (Құрбандық);

Мұқтаж адамдарға тарату кезінде қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген адамдарды тарта отырып тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасмалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;

Халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

Жауапты мекемелер мен мобильді топтардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылау.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1198 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить