Қазақстанда короновирусқа қарсы ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді

Қазақстанда ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«2021 жылы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді. «Спутник Лайт» Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына және ҚР Үкіметінің «COVID-19 қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде тіркелді», — делінген комитет хабарламасында.

Вакцина өтініш беруші өндіруші елде тіркелген және вакцина өндірушінің өндірістік алаңына GMP талаптарына сәйкес келеді.

Комитет уақытша тіркеу куәлігін 8 ай мерзімге берген.

«Спутник Лайт» — SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясын алдын алуға арналған векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді. 0,5 мл/доза, Ресей федерациясы шығарған. Вакцина – «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті (адамның 26 серотипті (rАd26) рекомбинантты аденовирусы).

«Спутник Лайттың» тиімділік көрсеткіші иммундауды алғаннан кейінгі 28-ші күннен бастап 79,4%-ды құрайтынын атап өткен жөн.«Спутник Лайт» салынғаннан кейін елеулі жағымсыз реакциялар тіркелмеген», — дейді комитет.

Бүгінгі таңда «Спутник лайт» — Қазақстанда қолдануға рұқсат берілген бесінші вакцина. Бұған дейін елімізде «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax» және «Коронавак» вакциналары қолданылып келген еді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1277 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить