Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 30% азайды

Жамбыл облысының полиция департаменті жартыжылдықты қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД бастығы Жанат Сүлейменовтің айтуынша, алты ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар, адам өлтіру, ұрлық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері азайды.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды.

Көшелерде және басқа да қоғамдық орында қауіпсіздік деңгейі артты.

Есепті кезеңде жол-көлік оқиғалары, алаяқтық деректері санының өсуі байқалады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 30,4 пайыз азайды.

Полиция генерал-майоры жалпы, облыстағы жедел жағдай тұрақты деп саналатынын атап өтті.

Кеңес барысында ПД басқармалары, қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қойған міндеттері жеке құрамға жеткізілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1069 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить