Алматыда несие алып, қара тізімге іліккен адамдардың мәселесін «шешетін» алаяқ ұсталды

 Алматыда 30 жастағы ер адам несие тарихы нашар азаматтарды алдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оннан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінді.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, А. есімді жігіт несие тарихы нашар адамдарға бұл мәселені «шешіп беруді» ұсынған.

Ол өзінің жұмысы үшін қомақты сома сұрайды.

Ақшаны алғаннан кейін ер адам белгісіз бағытта жасырынған. Қолындағы қаражатты өз қажетіне пайдаланды.

«Жедел іздестіру барысында 30 жастағы Алматы облысының тумасы ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты 10 алаяқтық фактісі дәлелденді. Сонымен қатар жәбірленушілер тек Алматыдан ғана емес, Қазақстанның басқа да қалаларынан жүгінді. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бап бойынша тіркелді», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер алданған адамның көп екеніне сенімді.

«Ұсталған адамның суретіне мұқият қарауыңызды сұраймыз. Осы ер адамның әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-771-1371; 8-705-555-7763, – деді Есен Ысқақов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1062 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить