Коронавирус: Қызылорда облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 15 шілдеде Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа кірді. Осыған орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңір жұртшылығына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үндеуде о блыс әкімі биыл да індетпен ауырғандар күннен күнге тоқтаусыз көбейіп жатқанына назар аударды.

«Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде.

Бүгінгі күні облыста барлығы коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр.

Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

Ауруға жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдықса, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында белсенділік байқалуда.

Бұл жұмысқа белсенді азаматтар арасында көп деген сөз.

Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын», — делінген үндеуде.

Айта кетсек, Қызылордада 193 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
915 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить