Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 122 кандидат ұсынылды

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 122 кандидат ұсынылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең көп үміткер Жамбыл ауданының еншісінде. Онда бір орынға 4,2 адам ұсынылған. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады.

Серғали Айдапкеловтің айтуынша, өңірде сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылды. Ал 9 шілде ұсыну мерзімі аяқталған күні әр округке екіден көп кандидат үміт білдірген.

Ұсынылған кандидаттардан 76 адам (62%) — саяси партиялардан болса, 46 адам (38%) — өзін-өзі ұсынғандар саналады.

«Nur Otan» партиясынан 31 кандидат, «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат, «Ақ жол» ҚДП – 16 кандидат, «АDAL» саяси партиясынан – 2 кандидат, ҚХП – 11 кандидат. Ұсынылған 122 үміткердің орташа жасы 39,8. Ал 25 үміткер нәзік жандылар», — деді С.Айдапкелов.

Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Ол ағымдағы жылы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін сайлау алдындағы үгіт басталып, ол 23 шілдеге дейін жалғасады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
962 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить