Қазақстан Орталық Азияға қандай тауарлар экспорттайды
Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов Орталық Азия елдерімен тауар айналымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылы Орталық Азия елдерімен тауар айналымы шамамен 4,6 млрд долларға жетті. Оның ішіндегі ең ірі серіктес – Өзбекстан, онда біз шамамен 2,1 млрд долларға бидай, ұн, мұнай және мұнай өнімдерін, металдар мен металдан жасалған бұйымдар экспорттаймыз», — деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, бүгінде кооперация аясында машина жасау өнімдерінің пайда болуы да өте маңызды.
«Тәжікстанға шамамен 800 млн доллар болатын бидай, табиғи газ, мұнай өнімдері, көмір жібереміз, Қырғызстанға – 562 млн долларға бағаланатын шамамен осындай өнім жеткіздік. Импортқа келсек, тоқыма, құрылыс материалдарын және маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерін аламыз» — деді Бақыт Сұлтанов.
Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізіп жатыр.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»