Алматыда таудан табылған келіншек әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы тауынан табылған турист Әлия Қамиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығында ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Есін жиды. Сөйлей алады. Алайда әлі де жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр», — деп хабарлады №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.
Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді. Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.
Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылардың максималды күш-құралдары жіберілді.
Атап айтар болсақ, онда республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық есеп, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер бар.
Вам может быть интересно: «Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек»