Қазақстандық Мария Агапова UFC алаңында үшінші мәрте жекпе-жекке шығады

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапова 9 қазанда октагонға қайта оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

9 қазан күні ол UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне шығады. Қазақстандық арудың қарсыласы — колумбиялық Сабина Мазо.

Сабинаның жасы 24-те, UFC-де 5 айқас өткізіп үлгерген. Оның үшеуінде жеңіске жеткен.

Мазо соңғы кездесуінде Алексис Дэвистен жеңіліп қалған болатын.

Еске сала кетейік, Мария Агапова UFC алаңында екі мәрте өнер көрсетті. Өткен жылдың 13 маусымында ол UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды.

23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті.

Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды.

Кейіннен 2020 жылдың тамызында Мария америкалық Шэна Добсоннан жеңіліп қалды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1245 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить