ШҚО-дағы әкім сайлауына 235 үміткер ұсынылды

Шығыс Қазақстан облысының 77 сайлау округтерінде 239 үміткер ұсынылды. Олардың 87 (36,4%) – саяси партиялармен, 152 (63,6%)- өзін-өзі ұсынғандар. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікк сілтеме жасап хабарлайды.

Саяси партиялар 77 сайлау округтері бойынша өз кандидаттарын ұсынды: «NurOtan» партиясы — 61 кандидат, «Ауыл» ХДСП — 19 кандидат, «Ак Жол» ҚДП — 1 кандидат, «АDAL» СП — 3 кандидат, ҚХП — 2 кандидат, ЖСДП — 1 кандидат.

Ұсынылған 239 кандидаттың 178 (74,5 пайызы) – ер адамдар, 61 (25,5 пайызы) – әйел адамдар.

Кандидаттардың орташа жас – 43,7 жас, ең жас кандидат – 26 жаста, жасы ең көбі – 61 жаста.

Ұсынылып отырған 94 кандидат ауылдық округте тұрады. 130 – ауданда, 14 – облыста тұратындар.

3 кандидат өз кандидатураларын кері қайтару бойынша өтініш білдірді. 1 кандидат «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкестіктен өткен жоқ.

«Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестіктерін анықтау және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады», — дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде 3 кандидат ұсынылды. 12 шілдедегі жағдай бойынша 233 кандидат (99,1%) тіркелген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
865 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить