Жандарбек Бекшин коронавирустың екі штамын жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирустың екі штамын бір уақытта жұқтыру мүмкін бе? деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, теориялық тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ мұны анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу қажет. Біз Алматы қаласы мен басқа аймақтарда 150-ге жуық зерттеу жүргіздік, бірақ мұндай жағдай тіркеген жоқ. Бір жасушадағы екі патоген. Теориялық тұрғыдан бұл мүмкін», — деді Жандарбек Бекшин.


Бұған дейін, Бельгияда коронавирустың екі штамын бірден жұқтырған 90 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Бастапқыда науқастағы оттегінің деңгейі жақсы болды, дегенмен жағдайы тез арада нашарлай түсті. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
925 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить