Алматыда Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды- Нариман Табынбаев

Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада вакцина қоры жеткілікті. Бұл «Sputnik V» вакцинасына қатысты. «Hayat-Vax» және «CoronaVac» өкінішке орай, қазір жоқ «, — деді спикер

Сонымен қатар, ол соңғы 10 күнде ауруханалардағы науқастардың саны 2,5 есе өскенін атап өтті.

«Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде науқастардың саны 10 күннің ішінде 50-ден 121-ге дейін, яғни 2,4 есеге көбейді. Бүгінгі таңда БМСК және Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 255 пациент бар, ал ауруханалар мен үйде 40 жасқа дейінгі жастар санының күрт өсуі байқалды»,- деді ол.

Бүгінгі таңда Алматыда 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
909 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить