ХОК басшысы пандемиядан зардап шеккен Токиоға, Олимпиада ойындарына келді
Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах бейсенбі күні Токиодағы Олимпиада ойындарына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
ХОК президенті Ханэда әуежайына жапон үкіметі 22 тамызға дейін бейресми тағы бір төтенше жағдай енгізген күннен кейін келді. Ел үкіметі Олимпиада ойындары инфекцияның одан әрі өршуіне себепші болуы мүмкін деп алаңдайды.
Аталмыш шешімді сол күннің соңында үкімет ресми түрде қабылдауы керек еді. Жапондық ұйымдастырушылар Токио және оның маңайындағы алаңдарда ойындарды көрермендерсіз өткізуге кірісіп те кеткен.
Бах бейсенбі күні кешке көрермендерге байланысты жаңа саясат туралы шешім қабылдау үшін жапондық ұйымдар өкілдерімен, олардың ішінде ұйымдастырушы комитетті басқаратын Сейко Хашимотомен және Токио губернаторы Юрико Койкемен кездесу өткізеді деп күтілуде.
Сәрсенбі күні Токиода коронавирус жұқтырудың жаңа 920 жағдайы тіркелді, бұл мамырдың ортасынан бастап ең көп тәуліктік көрсеткіш болып отыр. Сонымен қатар медициналық сарапшылар әлемнің көптеген елдері инфекцияның жұқпалылығы жоғары дельта штамымен күресіп жатқанда, ойындарды жалғастыру қауіпті екенін ескертеді.
Жапонияның ұйымдастырушы комитетінің хабарлауынша, Бах карантинді қонақ үйде үш күн өткізеді. Ол Харуми жағасындағы токиолық аудандағы спортшылар ауылына барып, ұйымдастырушылармен қашықтан және көзбе-көз кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Вам может быть интересно: «В ВОЗ заявили, что новые штаммы коронавируса побеждают в гонке с вакциной»