Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлауға 4 партия кандидаттарын ұсынды
Қарағанды облысында 7 шілдедегі жағдай бойынша ауыл әкімдерін сайлауға 260 кандидат ұсынылды. Оның 185-і өзін-өзі ұсынған, ал 75-і саяси партиялардан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, қазіргі уақытта төрт партия өз мүшелерін ұсынды.
Ең көп үміткерін ұсынған партия Nur Otan болды. Бұл партиядан 61 кандидат ұсынылып отыр.
Қазақстанның Халық партиясы — 7, «Ауыл» – 5, «Адал» – 2 адам ұсынды.
Ұсыну процесінің аяқталуына екі күн қалды. Облыста бұл кезең 26 маусымда басталып, 9 шілдеде аяқталады.
Содан кейін сайлау комиссиялары кандидаттарды тіркеуге кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 25 шілдеде 149 елді мекенде өтеді.
Төрт жылдық мерзімге 75 ауыл әкімін сайлау жоспарланып отыр.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»