Қарағанды облысында екі күн ішінде 4 адам суға батып кетті
Облыстың су айдындарында екі күн ішінде төрт адам суға батып кетті. Мұндай қайғылы статистика азаматтардың жабдықталмаған жерде шомылуға салынған тыйымды елемеуінен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
3 шілдеде Қарқаралы қаласынан 4 шақырым жерде, үлкен көлде, ТЖД күшімен 18-40-та суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 1998 жылы туған жас жігіттің денесі табылып, жағаға шығарылды.
Бүгін сағат 17:48-де Осакаров ауданында Ақпан бөгетінде құтқарушылар 19 жасар жігіттің денесін жағалаудан 6 метр қашықтықта 2 метр тереңдіктен алып шықты. Ол 14:55-те жабдықталмаған жерде суға батып кетті.
Сонымен қатар, бүгін сағат 15:20-да 112 пультіне Қушоқы кентінен 3 шақырым қашықтықтағы Бұқар Жырау ауданында, «Ертіс-Қарағанды» арнасында 15:00-де жергілікті тұрғындар 1994 ж.т. ер адамның мәйітін тауып алғаны туралы ақпарат келіп түсті. Марқұм белгісіз жағдайларда 3 шілде күні сағат 18.00-де суға батып кеткен. Қазіргі уақытта қаза болу жағдайлары анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
4 шілде кешкі 21:15-те Бұқар Жырау ауданының Гагарин ауылында Нұра өзенінде Қарағанды облысы ТЖД күшімен шомылуға арналмаған жерде суға батып кеткен 1979 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.
Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өзендер, көлдер маңындағы, сондай-ақ ірі су қоймалары бар аудандарда патрульдеу жүргізеді. Патрульдеу кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Демалушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнаманы бұзуға болмайтыны, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде суға шомылу қаупі және су айдындарының жанында демалу кезінде алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынатыны туралы ақпарат жеткізіледі.
Қоғамдық орындарда, оның ішінде жағажайларда және су айдындарында мас күйінде жүрген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Екі күн ішінде құтқарушылар су айдындарында 100 рейд жүргізді, қауіпсіздік шаралары туралы 411 жадынама таратты.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтардан демалу кезінде суға шомылу кезінде қырағылық пен шамадан тыс жауапкершілік танытуды сұрайды.
Мүмкіндігінше судағы тәртіп ережелерімен танысу, жақын жерде құтқарушылар мен дәрігерлер бекеті бар жабдықталған жерде шомылу керек.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»